$487.37 €532.94 ₽5.09
×

Автобус жолдың тайғақтығынан жолаушыны қағып кетті

AstanaTV
13.10.2024ж. 14:30
135
Автобус жолдың тайғақтығынан жолаушыны қағып кетті

Қарағандыда автобус жүргізушісі жолдың тайғақтығынан 56 жастағы жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Жәбірленуші азамат ауруханаға жеткізіліп, алған дене жарақаттарынан сол жерде қайтыс болған. Бұл туралы облыстық ПД айтты, деп хабарлайды Astana TV

Ауа-райының күрт өзгеруі және жүргізушілердің жол жүру ережесін сақтамау салдарынан өткен тәулікте Қарағанды облысында 22 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Салдарынан бір жол-көлік оқиғасында жаяу жүргінші қайтыс болса, екі адам әртүрлі дене жарақаттарын алды.

Сағат 19.00 шамасында Липецкая көшесінде 53 жастағы қоғамдық көліктің жүргізушісі жолдың тайғақтығынан 56 жастағы жаяу жүргіншіні қағып кетті. Жәбірленуші азамат ауруханаға жеткізіліп, алған дене жарақаттарынан сол жерде қайтыс болды.

Шахтинск және Теміртау қалаларында болған жол-көлік оқиғаларынан екі адам ауруханаға жеткізілді.

Тәулік ішінде тіркелген қалған 19 жол-көлік оқиғасында зардап шеккендер жоқ.

"Ауа-райының күрт өзгеруі және жүргізушілердің жол жүру ережесін сақтамау салдарынан өткен тәулікте Қарағанды облысында 22 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Қарағанды облысының Полиция департаменті көлік жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерден жолдың тайғақ кезінде жол жүру ережелерін қатаң сақтауды сұрайды. Жолда абай болып, өзіңіздің және өзгелердің өмірін өмірлеріңізді сақтаңыздар", - делінген ведомство хабарламасында.