Алматыда қолдарына пышақ ұстаған ер адамдар көпшілікті шошытты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ер адамдар ерсі әрекеттері желіде тарап кеткен. Олардың бірі жүргіншілерге бейәдеп сөз айтып, өзін видеоға түсірген азаматқа пышағын көрсеткен.
Жергілікті полиция департаменті оқиғаға қатысты түсініктеме берді. Ведомствоның мәліметінше, тәртіп бұзушылар ұсталып, полицияға жеткізілді.
«Қазіргі таңда істің объективті мән-жайлары анықталып жатыр. Оларға заңға сәйкес шара қолданылатыны сөзсіз», - деді полиция департаменті.