Қазіргі уақытта Алматы облысының Талғар қаласында қоғамдық тәртіп пен тұрақтылықты қадағалау қызметін атқару үшін ҚР ІІМ Ұлттық ұлан әскери бөлімінің жеке құрамы жұмылдырылды. Бұл туралы ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметі мәлім етті.
«Өткізілетін іс-шаралар қауіпсіздікті қамтамасыз етуге және қоғамдық тәртіпті сақтауға бағытталған. Азаматтардан әскерилердің міндетіне түсіністікпен қарауды сұраймыз», — деп хабарлады Ұлттық ұланының баспасөз қызметі.