$486.65 €524.46 ₽5.05
×

"Жарын қызғану бүкіл ер-азаматқа тән": Аша Матай жолдасының отбасында қандай адам екенін айтты

AstanaTV
14.10.2024ж. 11:09
184
"Жарын қызғану бүкіл ер-азаматқа тән": Аша Матай жолдасының отбасында қандай адам екенін айтты

Отандық шоу-бизнес өкілі, әнші, актриса Аша Матай ерлі-зайыптылардың қарым-қатынасынан сыр шертті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Өнер иесі тұрмысқа шыққан жылдарында сахнадан қол үзіп қалғанын жасырмай, “1001” түн бағдарламасында айтып берді.

“Жолдасым фильмге түсуге рұқсат етпейді. Өзінің жарын қызғану, қимау бүкіл ер-азаматтарға тән нәрсе деп ойлаймын. Негізі Арманның қолдауы ерекше. Ол да өнерде жүргесін бәрін түсінеді. Отағасына көп рақмет айтқым келеді. Сахнада жарқырап, құлпырып жүруімнің өзі – сол кісінің арқасы, қолдауы. Өзінің "Менсіз киноға түспеші" деген өтініші бар еді. Мен соған келістім. Түсетін болсақ, бірге түсеміз", – деді актриса.

Одан кейін шоу-бизнес жұлдызы сахнадан гөрі отбасылық кәсіпке ден қойып, қыздарының тәрбиесімен айналысып жатқан көрінеді.

“Қазіргі таңда мен уақытымды үйге, бала-шағама, күйеуіме, енеме арнаймын. Сондай кезеңде жүрмін. Бизнес саласына бет бұрдым. Ал Арман қазіргі таңда әншілік қырынан көрінуге дайын. Бірнеше ән жазып жатыр, хит болады деп ойлаймын", – деп ағынан жарылды Аша Матай.