Алдағы 15-20 жылда жұмыс орындарының 14% жойылуы мүмкін. Мұндай болжамды Мәжілістегі Үкімет сағатында депутат Асхат Аймағамбетов айтты, деп хабарлайды Astana TV.
Еңбек ресурстарын болжау - кадрларды даярлауға гранттар бөлудің негізі. Бірақ бұл құрал тиімсіз пайдаланылып жатыр. Болжамдарға сәйкес, Қазақстандағы жұмыс орындарының 52%-ы автоматтандырудың тәуекеліне ұшырайды. Ал алдағы 15-20 жылда жұмыс орындарының 14%-ы жойылуы мүмкін. Тағы 32%-ы өзгереді. Мысалы, онлайн дүкендердің жұмысының кесірінен бүгін сатушылардың жұмыс орындары қысқарып жатыр. Бірақ оның орнына call-орталықтарда жаңа жұмыс орындары ашылып жатыр. Мобильді қосымшаларды жүргізу және оларды өңдеу, әзірлеу бойынша жұмыс орындары ашылып жатыр, - деп айтты депутат.