$487.24 €529.34 ₽5.02
×

«Ойымда дым жоқ»: Дариға Бадықованың бала күнгі видеосы көпшілікті таңғалдырды

AstanaTV
14.10.2024ж. 13:28
172
«Ойымда дым жоқ»: Дариға Бадықованың бала күнгі видеосы көпшілікті таңғалдырды

Актриса, кинопродюсер Дариға Бадықова бала кезінде түсірілген видеосын жариялады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Видеода 8 жастағы актрисаның сахнада ән шырқап тұрғанын көруге болады.

«Ақ сәулем» әнін орындап жатқан 8 жасар Дариға. Осы кезде ойымда дым жоқ. «Таптым-ау сені» фильмімен жанталасып жүретінімді білмедім-ау», – деп жазды актриса.

Желі қолданушылары актрисаның бала күнінен аса өнерлі екенін атап өтіп, дауысына жоғары бағасын берген.

«Баян тартып тұрған ағайдың өзін өзіне бағындырып тұр», «Не деген харизма, не деген диапазон?!», «Дауысыңызда қоңыр үн бар екен», «Бала күніңізден жұлдыз болыпсыз ғой», «Өнерге кездейсоқ келмеген деп осыны айтады», «Дауысыңыз керемет», «Кішкентайынан әнші екен ғой, Дариға ханым», «Ең бағалы көрермендердің алдында ән шырқаған екенсіз. Бас қалай ойнап тұр», – деп жазды оқырман қауым.