$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Президент Ауыл шаруашылығы министрін қабылдады

AstanaTV
14.10.2024ж. 15:39
227
Президент Ауыл шаруашылығы министрін қабылдады


Мемлекет басшысы Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаровты қабылдады, деп хабарлайды Astana TV.

Айдарбек Сапаров аграрлық саланы дамытудың биылғы 9 айдағы қорытындысын баяндады. 

Бүгінде егіннің 98 пайызы жиналып, 25,2 миллион тонна астық бастырылған. Орташа өнімділік әр гектардан 15,5 центнерді құрайды. Диқандар 1,2 миллион тонна қант қызылшасын жинамақ. Бұл – рекордтық көрсеткіш. Сонымен қатар жем-шөп түрлерін де көптеп жинау жоспарланып отыр, - деді Айдарбек Сапаров. 

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, егін егу және жинау науқанын қаржыландыру көлемін ұлғайту шаралары қолға алынған. Биыл осы мақсатқа алғаш рет 5 пайыз мөлшерлемемен 580 миллиард теңге бөлінген. Қаржы шаруаларға субсидиясыз, тікелей беріледі. Бұл өткен жылмен салыстырғанда үш есе көп.

Қасым-Жомарт Тоқаев Ауыл шаруашылығы министріне агроөнеркәсіп кешенін одан әрі дамыту және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша бірқатар тапсырма берді.