$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Президент Армения Премьер-министрімен телефон арқылы сөйлесті

AstanaTV
14.10.2024ж. 17:00
293
Президент Армения Премьер-министрімен телефон арқылы сөйлесті

Мемлекет басшысы Армения Премьер-министрі Никол Пашинянмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Astana TV

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Никол Пашинян екіжақты сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ықпалдастықты одан әрі нығайту перспективаларын талқылады.

Қазақстан Президентінің биылғы сәуір айында Арменияға жасаған ресми сапары барысында жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтарды сапалы жүзеге асыру мәселесіне ерекше назар аударылды.

Тараптар өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты.