«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев пен оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Елордадағы №103 мектепте болды. Олар аулаға ағаш екті. Экология министрі Экологиялық мәдениет тұжырымдамасының мақсаттары мен міндеттеріне, атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды. Сондай-ақ «Жасыл Даму» өкілдері студенттерге қалдықтарды жинау жүйесін көрсетіп, мектепте фандомат құрылғысын орнатты.
ЕРЛАН НЫСАНБАЕВ, ҚР ЭКОЛОГИЯ ЖӘНЕ ТАБИҒИ РЕСУРСТАР МИНИСТРІ:
Біздің мемлекетте 4 млн-нан астам жылына жалпы қоқыс пайда болады. Ал, енді оны бүгінгі күнге сол сұрыптап оны өңдеу мәселесі жылдан-жылға бір үлкен актуалды тақырып. Сол себептен бүгінгі қойған фондамат осы балаларға жалпы қоқысты не істеу керек екенін, қоқысты қалай жинау керек екенін үйретудің бастамасы.
ҒАНИ БЕЙСЕМБАЕВ, ҚР ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРІ:
Балабақша жасынан бастап мектепті аяқтағанға дейін осындай әдістемелік құралдар, осындай құрылғыларды балаларға көбірек көрсетіп практика жүзінде іске асыратын болсақ, жалпы біздің ұрпақтың бойында керемет мынау адал азамат идеясы шеңберінде «Таза Қазақстан» акциясы шеңберінде біздің керемет мәдениетті жастарымыздың қалыптасуына үлкен үлес қосады деген үмітіміз бар.