$485.04 €525.98 ₽5.04
×

Қарағанды облысының Абай ауданында бір күнде 3 тоннадан астам қоқыс жиналды

14.10.2024ж. 20:00
101
Қарағанды облысының Абай ауданында бір күнде 3 тоннадан астам қоқыс жиналды

Қарағанды облысының Абай ауданында бір күнде 3 тоннадан астам қоқыс жиналды. "AMANAT" партиясының бастамасымен өткен «Таза бейсенбі» акциясына бүкіл аудан тұрғындары қатысты. Мәслихат депутаттары мен партия мүшелері, мәдениет үйлерінің қызметкерлері, студенттерден құралған 80-ге жуық ерікті қала іші мен саябақтарды, аулаларды қоқыстан тазартты. Апта сайын үздіксіз өтіп келе жатқан “ Таза Қазақстан” акциясына әр бір аудан халқы белсенді қатысуда. 

НҰРЛАН АДАШЕВ, “AMANAT” ПАРТИЯСЫ АБАЙ АУДАНДЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Мемлекет басшысының Жалпыұлттық “Таза Қазақстан” акциясы аясында бүгінгі іс - шара “Таза Бейсенбі” ұйымдастырып отырмыз. Бұған аудандық мәслихат депутаттары, бастауыш партия ұйымдарының мүшелері және “ Жастар рухы” Жастар Қанатының мүшелері қатысты. Жалпы 80 адамдай қатысып отыр. Коммуналдық шаруашылықтар да техникаларын бөліп көмектесіп жатыр барлығы.