$485.04 €525.98 ₽5.04
×

Қараша айынан бастап "Қалқан" телесериалы көрерменге жол тартпақ

14.10.2024ж. 20:00
104
Қараша айынан бастап "Қалқан" телесериалы көрерменге жол тартпақ

"Астана" телеарнасы көрермендерді жаңа телехикаямен қуантпақ. Ерлік пен отанға деген сүйіспеншілікті оятатын Қалқан туындысы жастарды патриотизмге тәрбиелейді. Оқиға желісі басты кейіпкер Асқар есімді жігіттің шекара заставаларының біріне отбасымен көшіп келуінен басталады. Экшен сахналарға толы сериалдың түсіріліміне тілшіміз Жомарт Түзелбай барып қайтты. 

Түсірілім әдеттегідей киногерлердің рәсіміне айналған тәрелке сындырумен бастау алды. Телесериалдың басты рөлдерін Олжас Тоғымбет пен Аян Батырбек сомдайды. Әскери драмма қарапайым оқиғалардан бастау алып, шытырман жайттармен жалғасады. Актерлер де экшен сахналарға толы туынды көрерменнің көңілінен шығады деген сенімде.

ОЛЖАС ТОҒЫМБЕТ, АКТЕР:

Екі персонажда ойнаймын. Біреуі жынды мінезді деп айтсақ болады Байсалды, қайтпас ал екіншісі қарапайым момын ағасы ретінде екінші сыңарына қарайды енді жағымсыз кейіпкер өзіңіз де көріп отырғандай. Персонжаға қарағанда. Өте қызық болып жатыр. Экшен сахналар өте көп, өзім экшенпостановщик және осы телехикаяда актёрмын. Екі міндетті атқарып отырғаннан кейін бұйырса көрерменнің көңілінен шығады деп ойлаймын. 

АЯН БАТЫРБЕК, АКТЕР:

Менің кейіпкеріме келетін болсақ майор Аббасов жас жігіт. Осы бөлімшеге жаңадан ауысып келеді осы шекараға. Бөлімшеге ауысып келеді. Үйленген жастай үйленеді. Бұған дейін де мен өзіміздің отандық сериалдарға түскенмін әскери сериалдарға әскери бағытында 1 жыл алдын. Маған таныс әскери жанр сол үшін қатты қиындық тудырып жатқан жоқ. Қазір. Түсірілім барысы жақсы өте атмосферна, өте қызық экшен сахналары бар. Мелодрама сахналары бар. Рухани жағынан бір жақсы азық болады деп ойлаймын. 

Туынды 10 бөлімнен тұрады. Әр бөлімі 25 минут. Телесериалды түсіруге Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Ұлттық қауіпсіздік комитеті қолдау көрсетті. Әскери қызметкерлер жастарды тәрбиелеуге үлесі мол болады дейді.

СЕРІК ТӨЛЕУХАНОВ, АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ШЕКАРА ҚЫЗМЕТІ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ТӘРБИЕ ИДЕОЛОГИЯ ЖӘНЕ КАДРЛЫҚ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ:

Ең бірінші мақсатымыз жаңа шекара қызметіне, жалпы әскерге адамдарды жастарды тарту. Мерзімді қызмет атқаруға келісімшарт бойынша қыщмет атқаруға офицерлік міндеттерін атқаруға соның бәрін көрсету. Және әр адам да әскери патриоттық сезімді ояту. Патриоттық сезімді ояту, отансүйгіштікті ояту. 

Сериалда сипатталатын шекара қызметі мен контрабанда әсерлі сәттердің бірі болмақ. Шекараның ғана емес, бүкіл елдің әл-ауқатына қауіп төндіретін радикалды топтың ақырзамандық жоспарын бұзу үшін біздің әскерлеріміз қандай шара қолданбақ? Қараша айынан бастап Қалқан сериалын "Астана" телеарнасынан тамашалай аласыздар.