$485.04 €525.98 ₽5.04
×

Алматыдағы Айнабұлақ 4 шағын ауданындағы дөңгелек жөндеу станциясы өртенді

14.10.2024ж. 20:00
120
Алматыдағы Айнабұлақ 4 шағын ауданындағы дөңгелек жөндеу станциясы өртенді

Алматыда Айнабұлақ шағын ауданында дөңгелек жөндеу станциясы өртенді. Өрт сөндіру қызметі оқиға орнына 7 минутта келіп вулканизациядан екі 10 литрлік газ баллондарын алып шықты. Тілсіз жау гараждың шатырын шарпып, 110 шаршы метрді қамтып үлгерген. Оқиғадан зардап шеккендер жоқ. Төтенше жағдайлар департаменті өрттің шығу себебін анықтап, тұрғындарға ескерту жасады. 

ГҮЛДАНА НҰРЫМБЕТОВА, ҚАЛАЛЫҚ ТЖД БАСҚАРМАСЫНЫҢ АҒА ИНЖЕНЕРІ:

Өрт орнынан көлемі 20 литрді құрайтын 2 газ баллоны шығарылды. Қабылданған шаралармен өрт 20 минутта оқшауланды. Алдын ала ақпарат бойынша өрттің себебі, электр сымдарының қысқа тұйықталуынан болған. Үйдегі электр сымдарын электр қуатына төзімді, яғни қауіпсіз күйге келтіруіңіз абзал. Өйткені өрт деректерінің басым бөлігі электр сымдарының ақаулығынан шығып, қайғылы жағдайға алып келуі мүмкін.