$487.24 €529.34 ₽5.02
×

Қызылордалық ерікті жастар қарияларға қолғабыс етті

Қызылордалық ерікті жастар қарияларға қолғабыс етті

Қызылордалық ерікті жастар қарияларға қолғабыс етті. Олар үйлерін жиыстырып, аулаларын қоқыстан тазалады. «Бәйтерек» мөлтек ауданында тұратын Роза Қобланованың ауласын шөп басып кетіпті. Ол науқас қызымен бірге тұрады. Үйінде еңбекке жарамды жан болмаған соң ерікті жастардың көмегіне жүгінген. Жастардың бұл бастамасына қария ризашылығын білдірді.

РОЗА ҚОБЛАНОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Қорамның шөбін шауып тазалап беріп жатыр. Қораның барлығын шөп басып кеткен. Біреу темекісін тастап кетеді ма деп қорқып жүргенмін. Келіп көмектескендеріңе рахмет айтамын. 100 жасаңдар, бақытты болыңдар. Осы балалардың барлығы жақсы азаматтар болып, халыққа қызмет етіп, қоғам қайтаркерлері болыңдар.

Бұл бастама «AMANAT» партиясының «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы бойынша ұйымдастырылып отыр. 109 волонтерлік номеріне түскен қоңырау негізінде еріктілер бір күнде 3 қарияға жәрдемдесті. Бұл жұмыстарға 10-11 сынып оқушылары тартылған. 

ӘЛИ КЕҢЕСҰЛЫ, «ЖАСТАР РУХЫ» ЖҚ БЕЛСЕНДІСІ:

Осы оқушылардың еріктілік арқылы жүректеріне мейірім бергіміз келеді. Қазіргі таңда 3 сынып жұмылдырылып отыр. Жалпы саны 70-ке жуық оқушы. «Жастар рухы» ЖҚ осы қызу желі аясында көптеген ардагерлерге көмектескен. Ал осы 125 Қызылорда 1 мектебімен осы бірінші жобамыз жасап жатқан.