Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

«Метроға жарылғыш зат қойылды» деп жалған ақпар берген жасөсіпірім болып шықты

AstanaTV
25.04.2017ж. 20:00
2438
«Метроға жарылғыш зат қойылды» деп жалған ақпар берген жасөсіпірім болып шықты

«Метроға жарылғыш зат қойылды» деп жалған ақпар берген 9 жасар бала болып шықты. Сондықтан оның қандай жаза арқалайтыны тергеу амалдары аяқталған соң белгілі болмақ. Бұл туралы бүгін Алматы қалалық ішкі істер департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек мәлімдеді. Оның сөзінше, жеткіншектің бұл заңға қайшы әрекеті бұзақылықтан туындаған. Қазір Қылмыстық кодекстің 273 бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. 

Айта кетейік, 24 сәуір күні кешкі сағат 19.00 шамасында  полицияға  Алматы метросына жарылғыш зат қойылғаны туралы анонимді хабар түскен болатын. Полиция және Төтенше жағдай қызметі мамандары шұғыл іске кірісіп, метродан екі жарым мыңға жуық адам эвакуацияланды. Оның 97-і бала.

Салтанат Әзірбек, Алматы қалалық ішкі істер департаментінің ресми өкілі:

Бұрын бір жыл мерзімге бас бостандығынан айыру көзделсе, қазіргі таңда бұл мерзім алты жылға созылды. Кішкентай жасөспірімнің, кәмелет жасқа толмаған адамның іс-әрекетіне құқықтық тұрғыда баға тергеу бере жатар. Және оның кінә дәрежесін анықтайтын болады.