$497.26 €525.21 ₽4.97
×

БҚО-да "AMANAT" партиясының қоғамдық қабылдауына келген 50 адамның жартысының өтініші оң шешілді

15.10.2024ж. 20:00
128
БҚО-да "AMANAT" партиясының қоғамдық қабылдауына келген 50 адамның жартысының өтініші оң шешілді

Батыс Қазақстан облысында "Кедергісіз келешек" жобасы аясында мүгедектердің мәселесі оңымен шешіліп жатыр. Қамкөңіл жандарды жұмыспен қамтып, тұрмыстық жағдайын түзеуге ерекше көңіл бөлінген. Сонымен қатар бұл азаматтарға қоғамдық орындарды барынша қолайлы қылу үшін жыл басынан бері жүзден астам тексеру жүргізіліпті. Қоғамдық көліктердің де талапқа қаншалықты сай екенін зерделеген партиялықтар 93 кемшілікті анықтаған. Мониторинг нәтижесі бойынша жауапты орындарға ұсыныстар жіберілген. Мүмкіндігі шектеулі жандар үшін бос жұмыс орындары жәрмеңкесі ұйымдастырылып, кәсіпкерлерге мүгедектердің құқығы түсіндіріліпті. 

АЖАР НҰРАЛЫ, "AMANAT" ПАРТИЯСЫ БҚОФ БӨЛІМ МЕҢГЕРУШІСІ:

Бүгінгі күнге дейін өткізілген қоғамдық қабылдауға 50 адам өзінің өтінішімен келді, оның ішінде 26-сының өтініші оңды шешілді. Яғни, бұл бізге келген өтініш иелерінің 52 пайызын құрайды. Жалпы "Кедергісіз келешек" жобасы болсын, басқа да партиялық жоба аясында партияға бас тіреп келген кез келген адамның өтініш-тілегі жерде қалмайды. Оның оң шешілуі үшін біздің депутаттық корпус бар, жалпы мемлекеттік органдардың барлығы да тегістей ат салысады.