Су саласында маман тапшы. Оны көктемгі су тасқыны кезінде де сезіндік. Қызметкерлердің көбі зейнет жасына таяған. Ал жастар жұмыстың ауырлығы мен жалақының аздығына байланысты бұл мамандықты таңдамайды. Қазір елімізде су саласы үшін 10 шақты оқу орыны маман даярлайды. Жыл сайын олардан 200-ден астам студент түлеп ұшады. Кадр тапшылығын тез арада шешудің жолын табу керек. Мәселені мәжілісмен Айна Мысырәлімова Үкіметке жетізді.
АЙНА МЫСЫРӘЛІМОВА, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, "AMANAT" ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:
Ғылым және жоғарғы білім минстрлігінің мәліметінше, 2024 жылы су ресурстары мамандығына 345 грант бөлінген. Оның тек 235-і ғана кәдеге жаратылған. Бұл 65 проценті ғана. Бұлар қолдарына диплом алғасын тек 20 пайызы ғана мамандықтарымен жұмыс істейді.