$498.34 €519.72 ₽4.85
×

"Жедел жәрдемнің өзіне жедел жәрдем керек",- Аймағамбетов

15.10.2024ж. 20:00
268
"Жедел жәрдемнің өзіне жедел жәрдем керек",- Аймағамбетов

Жедел жәрдем көліктерінің әбден тозығы жеткен. Олардың өзіне жедел жәрдем керек, деді депутат Асхат Аймағамбетов бүгін комитет отырысында.  Депутаттың айтуынша, санитарлық көліктермен қамтамасыз ету әкімдіктердің міндетіне кіреді. Ғимарат, көлік, инфрақұрылым жауапкершілігі соларда. Ал Денсаулық сақтау министрлігі тарифтер, жалақы, жалпы басқару мен әдістемеге жауап береді. Жедел жәрдем қызметкерлерінің жалақысы мардымсыз. Санитарлық көліктердің жартысынан астамы ескі. Солтүстіктегі жаңадан сатып алынған көліктер суықта тіпті өшірілмейді деді депутат. Себебі өшірсе, оны жылыта алмайды не қайта қоса алмайды. 

АСХАТ АЙМАҒАМБЕТОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Адамның өмірі тікелей жедел жәрдем қызметіне байланысты. Жедел жәрдемнің жағдайы өте қиын. Оның өзіне жедел жәрдем керек сияқты. Өкінішке қарай, жергілікті атқарушы органдардың бұл бағыттағы жұмысы көңілден шықпайды. Өңірлерде жеткілікті көңіл аударылып тұрған жоқ.