$497.26 €525.21 ₽4.97
×

Саранға қатысты жалған ақпарат бергендер жазаланады

15.10.2024ж. 20:00
284
Саранға қатысты жалған ақпарат бергендер жазаланады

Қарағанды облысына қарасты Саран қаласының тұрғындары әлі жылусыз отыр. Бұған дейін өңір әкімі аймақтың қысқа толық дайын екенін айтқан еді. Тіпті оған бюджеттен 118,8 млрд теңге қаржы жұмсалғанын жеткізген. Бірақ айтылған іс орындалмады. Үкімет басшысы жалған есеп бергендер жазалаланып, кінәлілер қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын айтты. Жұмыстың бүгіннен қалмай аяқталуын шегелеп тапсырды.

ОЛЖАС БЕКТЕНОВ, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ:

Бүгін бәрін аяқтау қажет. Бірінші кезекте бұл Саран қаласы әкімінің жеке жауапкершілігі және облыс әкімдігі тарапынан тиісті бақылаудың жоқтығы. Менің тапсырмам бойынша қазір тексеру жүріп жатыр. Жылу беретін нысанның дайындығы туралы жалған ақпарат берген адамдардың бәрі жауапқа тартылады.

Ал, Үкімет басшысынан сөз естіген Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев бүгін барлық үйге жылу беріледі деп уәде берді. 

ЕРМАҒАНБЕТ БӨЛЕКПАЕВ, ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

13 қазанда №1 қазандық іске қосылды және тәулік ішінде шығатын температура 55 градус болды. 13 қазанда қазандық төмен қайнаған қабат пен насос жабдығы автоматикасының дұрыс жұмыс істемеуіне байланысты мәжбүрлі түрде тоқтатылды. Режимдік баптау жұмыстары жалғасып жатыр.