«Ұлымды 4 адам қинап, тоғызыншы қабаттың терезесінен лақтырып жіберді. Осылай деген астаналық әйел 19 жастағы ұлын әлдекімдердің өлтіргенін мәлімдеді. Шырылдаған ананың бейнежазбасы әлеуметтік желіде тарады. Ол баласының жаман әдеттері болмағанын, алайда кінәлілер марқұмға жала жаппақшы екенін жеткізді.
ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:
Бұлар өсти берсе, елімізде жастар қалмай бара жатыр. Өзі ішті деп бәле жаппақшы. Заң қайда? Басқа қайда? Мен шырылдап отырмын балапанымды іздеп бүгінгі күнде. Заңды түрде осы балалардың жазасын берсін деймін.
Аталған факті бойынша полиция іс қозғады. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Оның барлық қатысушылары анықталды.
ҒҰМАР ШЫНЫБЕКОВ, ҚАЛАЛЫҚ ПД БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Тараптардың, оның ішінде марқұмның анасының барлық дәлелдері мен мәлімдемелері тергеу шеңберінде мұқият тексерілетін болады. Аталған іс Астана қаласы полиция департаменті бастығының ерекше бақылауында.