Лисаков қаласындағы ойын-сауық орындарының бірінде болған төбелестен кейін ер адам қайтыс болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Желіге тараған видеода көрінгендей, бір топ адам ғимараттың кіреберіс бөлмесінде жиналып тұр. Кейбірі темекі шегіп, өзара сөйлесіп тұрса, кейбірі ұзынша орындыққа жайғасқан. Сот сәтте екі жігіт шекісіп, бірі екіншісін жерге алып ұрады. Жыға сала бетінен аямай бірнеше рет жұдырықтаған. Таяқ жеген адам жатқан орнынан қозғалмай қалады.
Полицияның хабарлауынша, қазір күдікті қолға түскен.
«22 жастағы күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды, Лисаков қаласының соты оны қамауға алуға санкция берді. Барлық қажетті тергеу шаралары жүргізілуде», - делінген хабарламада.