$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Коллекторлық агенттіктің азаматтарға демалыс күндері хабарласуға тыйым салынған

AstanaTV
16.10.2024ж. 14:03
184
Коллекторлық агенттіктің азаматтарға демалыс күндері хабарласуға тыйым салынған

Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрайымы Мәдина Әбілқасымова Мәжіліс кулуарында айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Журналистер Мәжіліс кулуарында банктер немесе коллекторлық қызметтер азаматтарға проблемалық несиені өндіріп алу бойынша демалыс күндері неге қоңырау шалады деп сұрады.

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымованың айтуынша, бұл мәселе заңмен реттеледі.

"Коллекторлық агенттіктердің демалыс күндері хабарласуға құқығы жоқ. Оған тыйым салынған. Сондай-ақ жұмыс күндері күніне үш рет қана хабарласа алады. Оған қоса аудио, видео жазып алуы керек. Егер сізге демалыс күндері осындай қоңырау түсіп жатса, ол мәліметті бізге беруіңіз қажет. Агенттіктің call-орталығына жіберсеңіз, біз оны тексереміз. Коллекторлық агенттікке нақты шаралар қабылдаймыз", - деп нақтылады ол.

Мәдина Әбілқасымова бұл шаралардың қатарында коллекторлық агенттіктердің жұмысын тоқтатуға дейінгі нормалар бар екенін нақтылады. Айтуынша, әуелі айыппұл салынатынын, кейін қызметі тоқтатылатынын жеткізді.