$488.93 €532.4 ₽5.04
×

Түнгі клубтағы төбелес адам өлімімен аяқталды

AstanaTV
16.10.2024ж. 19:05
60
Түнгі клубтағы төбелес адам өлімімен аяқталды

Қостанай облысы Лисаковск қаласындағы түнгі клубтардың бірінде екі ер адам сөзге келіп қалған. Ер адам екіншісін жерге құлатып, соққыға жыққан. Жәбірленуші содан кейін есін жимаған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Желіде тараған видеодан бірі екіншісін көтеріп, еденге лақтырғанын байқауға болады. Ер адам оны жерге құлатып, бетінен бірнеше рет ұрған.

Полиция мәліметінше, оқиға 11 қазанда болған. 41 жастағы ер адам 15 қазанға қараған түні ауруханада көз жұмған.

22 жастағы күдікті қамауға алынды. Іс Қылмыстық кодекстің 106-бабы «Адам денсаулығына ауыр зиян келтіру, абайсызда зардап шегушінің өліміне әкеп соғу» бойынша тергеліп жатыр.