Алматыда Қазақ Ұлттық аграрлық зерттеу университетінде бөлінген бюджеттен 43,8 миллион теңге жымқырған лауазымды тұлға 7 жылға сотталды. Ол жалған тұқым егу, өңдеу бағытына берілген қаражатқа қол сұққан. Бас прокуратураның тапсырмасымен жоғары оқу орнының қызметіне тексеру жүргізілген. Нәтижесінде, 2020 жылы университет жалпы сомасы 43,8 млн теңгеге қант жүгерісінің тұқымын, «аммофос» минералды тыңайтқышы мен аммиакты селитрасын сатып алуға мемлекеттік сатып алу туралы 3 шарт жасасқаны анықталған.
РАЙЫМБЕК ШӘРІПБАЕВ, ҚАЛАЛЫҚ ПРОКУРАТУРАНЫҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:
№2 Медеу аудандық сотының үкімімен Университеттің «Саймасай» оқу-тәжірибелік шаруашылығының директоры Қылмыстық кодекстің 189-бабы 4-бөлігінің 2-тармағында көзделген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 7 жылға шартты түрде бас бостандығынан айыруға сотталды. Залал толық көлемде өтелді.Үкім заңды күшіне енді.