$497.26 €525.21 ₽4.97
×

Қазақстан мен Армения президенттері «Астана» халықаралық қаржы орталығына барды

16.10.2024ж. 20:00
131
Қазақстан мен Армения президенттері «Астана» халықаралық қаржы орталығына барды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен елімізге ресми сапармен келген Армения Президенті Ваагн Хачатурян «Астана» халықаралық қаржы орталығына барды. Президенттерге орталық басқарушысы Ренат Бектұров қаржы орталығы қызметінің негізгі бағыттары және оның өңірлік бастамаларды дамытудағы үлесі туралы мәлімет берді. «Астана» халықаралық қаржы орталығы арқылы Қазақстан экономикасына тартылған инвестиция көлемі 13 миллиард доллардан асқан. Бүгінде мұнда әлемдегі 80-нен астам елдің 3200-ге жуық компаниясы жұмыс істейді. Олардың қатарында ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, қаржы қызметтері мен сақтандыру салаларына маманданған Арменияның 6 ірі компаниясы да бар.