$486.65 €524.46 ₽5.05
×

"Ауыл тұрғындарының жалақысы қалалықтардан 30 пайызға аз", - депутат

16.10.2024ж. 20:00
128
"Ауыл тұрғындарының жалақысы қалалықтардан 30 пайызға аз", - депутат

Ауыл тұрғындарының жалақысы қалалықтардан 30 пайызға аз. Мәжіліс депутаты Елнұр Бейсенбаев осылай деп Үкімет басшысына сауал жолдады. Бүйірден қысқан қымбатшылық пен тығырыққа тақаған жұмыссыздықтың зардабын ауыл жұртшылығы көбірек тартуда. Осы мәселені шешу үшін “Ауыл аманаты” жобасы қолға алынған. Десе де, бағдарлама нәтижелі атқарылмай келеді. Мәселен, былтыр жоба бойынша 100 млрд теңге бөлініп, игерілді. Биыл да осынша қаржы бөліну керек болған. Алайда жыл соңына таяса да Үкімет өңірлерге тек 7 млрд теңге ғана жіберген. Халық қалаулысы мәселелерді шешу үшін бірқатар ұсынысын жеткізді. 

ЕЛНҰР БЕЙСЕНБАЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, "AMANAT" ФРАКЦИЯСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:

Біріншіден, Үкіметтің өз ведомостволары арасындағы өзара келісілмеген әрекеттер жүйелі түрде кедергі болып отыр. Өңір әкімдері жоба аясында соманың қайтарылу кепілі болғанын ескеріп, көбінде тәуекелге барудан бас тартып отыр. Ауыл халқын кедейшіліктен құтқаратын бірден-бір жобада әрбір облыс, аудан әкімдері тартынып қалмауы тиіс. Екіншіден, жобаға қатысушылардың көбісі ауыл шаруашылығы өндірісіне оқытылмайды. Онсыз да бәсекеге қабілетті өнім шығару оңай емес.