$495.2 €522.34 ₽4.94
×

Мәжіліс депутаты әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының легитимсіз қызметін сынға алды

16.10.2024ж. 20:00
161
Мәжіліс депутаты әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының легитимсіз қызметін сынға алды

Мәжіліс депутаты Гүлдара Нұрымова әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының легитимсіз қызметін сынға алды. Ол Премьер-Министрдің орынбасары Тамара Дүйсеноваға жолдаған депутаттық сауалында қордың келісімшарттарына тексеріс жүргізуді ұсынды. Ол қордың медициналық көмек сапасын сараптау функцияларын өзіне алғанын жеткізді. «Алайда, бұл іс тәуелсіз сарапшылар мен сала мамандарын тарту арқылы жүргізілуі керек»,- дейді. Сондай-ақ келісімшарттар біржақты сипатқа ие және жеткізуші тарапынан түзетуге жатпайтын көрінеді. Мәселен, құжатта жеткізушіге ақы төлеу бойынша нақты мерзімдер белгіленбеген. Ал бұл заңға қайшы. 

ГҮЛДАРА НҰРЫМОВА, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Жоғары аудиторлық палата 32 млрд теңгеге өрескел бұзушылықтар анықтағанына қарамастан, басшылық тек сөгіспен шектелді. Ал орынбасарлары өңірлік филиалдарға жетекші болып тағайындалды. Қор келісімшарттарының заңдылығына тексеріс жүргізуді ұсынамыз. Қорда бухгалтерлік есепті дереу жүргізуді және жыл соңына дейін ақпараттық жүйелердің интеграциясын қамтамасыз етуді сұраймыз.