$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Ливанда тырысқақтық ауруы белең алды

AstanaTV
17.10.2024ж. 10:45
192
Ливанда тырысқақтық ауруы белең алды

Ливанның Денсаулық сақтау министрлігі елде тырысқақтың бір жағдайы тіркелгенін айтты, деп хабарлайды Astana TV.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының өкілі Абдинасир Абубакар елдің оңтүстік бөлігінен солтүстікке қоныс аударған босқындардың арқасында тырысқақтың таралу қаупі өте жоғары деп санайды.

"Жақында Ливанның солтүстік бөлігіндегі вакцина алмаған халық арасынан тырысқақ ауруы расталды. Елдің оңтүстігінен қашқан жүздеген мың босқындардың қоныс аударуы аймақтағы ахуалды нашарлатуы мүмкін. Жұқтыру қаупі өте жоғары", - деді Абубакар.

Ливанның Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі бойынша, науқас Ливанның солтүстігіндегі Аммунияда тіркелген, бір қызығы ол соңғы уақытта алыс-жақын сапар жасамаған.