2024 жылғы 1 қазанға 73,4 мың отбасындағы 389,1 мың адамға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды. Биыл осы мақсатқа бюджеттен 55,9 млрд теңге қарастырылған. Атаулы әлеуметтік көмек қандай отбасыларға берілетіні белгілі болды, деп хабарлайды Astana TV.
АӘК-тің негізгі мақсаты – ақшалай төлем түрінде қолдауды жүзеге асыру және отбасының еңбекке қабілетті мүшелерін жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тарту арқылы отбасын қиын өмірдегі жағдайдан шығару.
АӘК мыналарды көздейді:
«Қазіргі уақытта қазақстандықтар АӘК тағайындауға өтінішті тұрғылықты жері бойынша мансап орталығына, ауыл округінің әкіміне жүгіну немесе Электрондық үкімет порталы (egov.kz) арқылы бере алады», - делінген Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі таратқан хабарламада.