Жамбыл облысында «Ауыл аманаты» жобасы бойынша 62 ауылдық округтен 8028 жоба іске асырылған. Ауыл азаматтары кәсібін ашып, нәсібін тапсын деген ниетпен бұл жобаға 2019-2023 жылдары бюджеттен 42,2 миллиард теңге бөлінген. Нәтижесіде шалғай ауыл тұрғындарына жеке кәсіппен айналысу үшін жаңа мүмкіндікерге жол ашылды. Мәселен, Байзақ ауданы Жетібай аулылының тұрғыны ауыл аманатымен 6 млн теңгеден астап ақша алып, темір шатыр жабындыларын әзірлейтін қажетті құрылғы сатып алған. Черепица мен профнастил жабындысы Жамбылға көбінде өзге өңірден келеді. Енді міне өздері өндіруге кіріскен. Қажетті мөлшерде, керекті өлшемде әзірлеп, тегін жеткізіп береді. Осылай мемлекеттен қолдау көріп, жаңа бизнес бастаған азаматтар үшін «Ауыл аманаты» жобасының берері мол.
ҒАНИБЕК ЖҰМАСАЕВ, ЖЕКЕ КӘСІПКЕР:
"Ауыл аманаты" жобасына сәйкес екі жарым пайызбен бесінші кәсіпкерлік бағытпен қаржы алдық. Екі станок алып, установкасы бәрі тегін болды мемлекет тарапыннан көпек қолдау болды, аудан тарапынан да. Клиент келеді бізге мысалы әр түрлі размерде заказ бергеннен кейін біз, тегін жеткізіп береміз. Базардың бағасынан сәл төмен қылып сатып жатырмыз.