"Қазақстан өзін мықты мемлекет ретінде дәлелдеді". Жаһандық мәселелерді талқылауға арналған Astana Think Tank Forum 2024 халықаралық форумына келгендер осылай дейді. Бұл жиынға 22 мемлекеттен 45 сарапшы қатысты. Олар қауіпсіздік, тұрақтылық және орнықты дамуды қамтатамасыз етудегі орта державалардың рөлін талқыға салды. Геосаясаттағы мәселелерден басқа да өзекті проблемалар назардан тыс қалмады.
ДЖОНИ МЕЛИКЯН, АРМЕНИЯ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАРДЫ ЗЕРТТЕУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ:
Қазақстан біраз жылдан бері келіссөзө алаңына айналған. Осы тұста Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыда Әзірбайжан мен Арменияны бітімге келтіру туралы айтқан еді. Қазақстан өзін көптеген елмен терезесі тең екенін дәлелдеді. Тең серіктесвтікті ұстанатын мемлекет ретінде танылды.
АҚШ, Ұлыбритания, Еуропа және Азия елдерінен келген белді сарапшылар мен зерттеушілер орта державалар туралы өзекті мәселелерді ортаға салды. Геосаяси ахуал ушыққан тұста олардың бірлігі аса маңызды. Әсіресе Қазақстанның орны бөлек дейді.
ЛИ ЮНЦЮАНЬ, ҚХР ЗЕРТТЕУ МЕМЛЕКЕТТІК КЕҢЕСІ ӘЛЕУМЕТТІК ДАМУ ИНСТИТУТЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:
Осы бастама аясында Қазақстан Қытай мен Еуропа арасындағы көпірге айналды. Бұл Қазақстанның дамуына үлкен үлес қосады. Бізде сәтті жобалар көп. Қытай-Еуропа теміржол бағыты Қазақстан арқылы өтеді. Біздің Қазақстанмен теміржол желілерінде екі шекара өткелі бар, жақында үшіншісі болады.