$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Павлодарда жылу маусымы басталғалы бері 5 адам қаза тапты

17.10.2024ж. 20:00
201
Павлодарда жылу маусымы басталғалы бері 5 адам қаза тапты

Павлодарда жылу маусымы басталғалы 5 адам қаза тапты. Оның үшеуіне иіс тиген. Ал екі адам тілсіз жаудың құрбаны болды. Жалпы өңірлерде өрт оқиғасы жиілеп тұр. Мамандардың ескертуіне жұрт неге құлақ аспайды? Тілшілер тарқатып айтады. 

Өзгеріс ҚУАНАР, ТІЛШІ:

Қайғылы оқиға Ақтоғай және Шарбақты аудандарында болған. Пештен шыққан өрт екі адамның өмірін жалмады. Ал Павлодар ауданында дұрыс тазаланбаған пеш 3 адамның өмірін қиды. Олар пеш жағып тастап, ұйықтап қалыпты.

БЕРІК ОМАРОВ, ОБЛЫСТЫҚ ТЖД БАСҚАРМА БАСТЫҒЫ:

Уақытында тазаланбаған пеш көбінде. Және жарықтар пештерінде мұржаларында жарықтар. Анықтауыш анықтаған кезде сондай себептер болды.

Төтенше жағдай мамандары жылу маусымы басталғалы тұрғындарға түсіндіру жұмыстарын бастап кетті. Алайда, көпшілігі бұндай шараларға қарсылық танытқан. Сол себепті пеш пайдалану ережесін түсіндіру қиынға соғады.

ҚАЙРАТ ШАЙМАРДЕНОВ, ОБЛЫСТЫҚ ТЖД БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Кейде тұрғындар үйлеріне кіргізеді. Пешімізді қарап беріңізші, деп кеңес сұрайды. Кейде босағасынан аттатпай, өзім білем деп, қол қойып, шығарып салады. Рұқсатсыз біреудің үйіне кіре алмаймыз.

Өзгеріс ҚУАНАР, ТІЛШІ:

Сондықтан мамандар тұрғындарға үйдегі пештердің жағдайын үнемі бақылап отыруға кеңес береді. Мұржаны 3 ай сайын күйеден тазарту керек. Ал ең дұрысы үйге улы газды анықтайтын қондырғы орнатуы тиіс. Айзада, сіздерде күн әлі жылы шығар? Жылу берілді ме?

АЙЗАДА ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ, ТІЛШІ:

Өзгеріс, Шымкентте де күн суыта бастады. Бірақ, көпқабатты тұрғын үйлерге әлі жылу берілген жоқ. Тек жеке сектордағылар дербес жылыту жүйелерін пайдалануда.

Сақтансаң сақтаймын деген. Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары қайғылы жағдайдың алдын алу үшін бірқатар іс-шараларды атқарып жатыр. Соның бірі -жеке үйлерге улы газды анықтап, белгі беретін құрылғыларын орнату. Табиғи газға қосылғанымен кейбір отбасылар әлі күнге қолдануға қауіпті пештерді пайдаланып жүр. Сондықтан төтеншеліктер арнайы қондырғыларды қоюды қолға алған. Бірінші кезекте әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларды қамтымақ.

ЭЛЬМИРА ЕРЕЖЕПОВА, ҚАЛАЛЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ДЕПАРТАМЕНТІ МЕМЛЕКЕТТІК ӨРТ БАҚЫЛАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ:

Осал топқа бізде 2222 адам осал топқа жататын семьялар тіркелген. Сол бойынша біз жоспарлап отырмыз әр неге әкімшіліктен демеушілер арқылы сатып алуға осы газосигнализаторларды. Біріншіден сол осал топ семьялардың үйлеріне қою біздікі қазір.

Шымкентте биыл 4 адам улы газдан көз жұмған. Шаһарда өрт те аз болмай тұр. Жыл басынан бері 243 өрт тіркелді. Салдарынан 2 адам қаза тауып, 8 адам жарақат алған. Тілсіз жаудың алдын дер кезінде алуға кей жағдайда тұрғын үйлердің бір-біріне тым жақын орналасуы да кедергі келтіреді дейді мамандар. Бұған ТЖД қызметкерлері «Көксай» мөлтек ауданында тұрғын үйде өртті жою бойынша өрт тактикалық оқу-жаттығуын өткізу кезінде өзіміз де көз жеткіздік. Аталған ауданда өрт сөндіру көлігіне кіретін жол жоқ және көшелер өте тар, өрт кезінде осы жағдайлар қиындықтар туғызады. Мұны осындағы тұрғындар да жоққа шығармайды.

ГАЛИНА БООС, КӨКСАЙ МӨЛТЕК АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Көшеміз тым бар. Өрт сөндіру көлігі тұрмақ бұл жаққа жедел жәрдем көлігі де кіре алмайды. Келген күнде үлкен жолдың бойына машинасын қалдырып кетеді. Бізде көше тар болғандықтан асфальт та төселмеген. Ал халық тығыз орналасан.

АЙЗАДА ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ, ТІЛШІ:

Айта кетейік, елдегі үшінші мегаполисте әлі көгілдір отынға қосылмаған үйлер де бар. Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары олардың мұржаларын да ұдайы тазалауға кеңес береді. Ал Қостанайдағы жағдай қалай?.. Заңғар...

ЗАҢҒАР САНАЙ, ТІЛШІ:

Өкінішке қарай Тобыл өңірінде де өрт жиілеп кетті.Қазанның бірінен бастап 19 қайғылы оқиға тіркелген. 12 адам жарақаттанып, 5 бала қаза тапты.Жыл басынан бері 558 өрт шығып 22 адам тілсіз жаудың құрбаны болды.

Ережені ескермеудің салдарынан өрт оқиғасы көбейіп жатыр.Тұрғындар электр жабдықтарын дұрыс қолданбайды. Пеш жаққанда қауіпсіздік шараларын сақтамайды.Балаларын қараусыз қалдырады.Әсіресе әлеуметтік осал топ өкілдері жіті назарда, дейді департамент мамандары.

ӘЛЖАН ҚАДЫРЖАНОВ, ОБЛЫСТЫҚ ТЖД МЕМЛЕКЕТТІК ӨРТ БАҚЫЛАУ БАСҚАРМАСЫ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Енді бізде әлеуметтік осал топтағы санатттағы азаматтарға ерекше назар аударылуда.Осы санаттағы кісілерге түсіндірме жұмыстарын жүргізумен қатар бұл отбасыларға арнайы улы газдан қорғау қондырғыларын орнатып жатырмыз.Осы бірінші қазаннан бастап 300-ден астам осы санаттағы азаматтардың үйіне орнатылды.

2019 жылдан бері облыс көлеміндегі 4 мыңнан астам тұрғын үйге арнайы қондырғы орнатылған. Қазір азаматтардың тізімі қайта қаралып жатыр. Бұл жұмыс әлі жалғаса береді дейді өрт бақылау басқармасының өкілі. Өңірде «Таза мұржа» акциясы басталды.Игі бастама аясында мамандар әлеуметтік осал топ санатындағы адамдардың үйлерін аралап, пеш мұржаларын қара күйеден тазарту жұмыстарын жүргізіп жатыр.

ЗАҢҒАР САНАЙ, ТІЛШІ:

Бұл - бір күндік науқан емес.Жылыту маусымы аяқталғанға дейін жалғасады. Төтенше жағдайлар департаменті халықты кеңінен қамту арқылы қауіптің алдын алуды көздеп отыр.