$485.04 €525.98 ₽5.04
×

«Бажа-2» веб-сериалы жақында көрермендерге жол тартпақ

17.10.2024ж. 20:00
81
«Бажа-2» веб-сериалы жақында көрермендерге жол тартпақ

Астана телеарнасының көрермендеріне сүйінші! Жуырда мейнстримге айналған «Бажа» веб-сериалының екінші маусымы жарыққа шығады. Бұл -«Sәlem Entertainment» компаниясымен бірлескен жоба.Еске салсақ, комедия 2022 жылы көптің көңілінен шығып, Youtube видеохостингінде миллиондаған қаралым жинап, трендтен түспеген болатын. Бұл жолы туынды несімен қызықты болмақ? Тілшіміз тарқатсын. 

Түсірілім әдеттегідей киногерлердің дәстүрі мен рәсіміне айналған тәрелке сындыру сәтінен басталды. «Бажа» веб-сериалының екінші маусымының қоюшы-режиссеры Олжас Нұрбай мен бас продюсері Ақылбек Досжанов актерлық құрам мен түсірілім тобына сәттілік тілеп, жоба старт алды. Айта кетейік, комедияның жаңа маусымы 12 бөлімнен тұрады.

ОЛЖАС НҰРБАЙ, РЕЖИССЕР:

Месседж бірінші сезонмен қатты айырмашылығы жоқ. Именно месседж жағынан. Себебі бұл – белгілі форматтағы сериал. Менің режиссер ретіндегі мақсатым бұл жерде кейіпкерлерді екінші сезонда өзімше ашу, сапаны ұлғайту және әдемі бір дүние жасап шығару.

Көрерменнің фаворитіне айналған туынды желісі әдеттегідей алты кейіпкердің шытырман оқиғаларымен өрбиді. Басты рөлдерде Марат Оралғазин, Еркебұлан Мырзабек, Шерхан Пірназар, Жазира Еркін, Ұлболсын Шалқарова және Фариза Ескермес төбе көрсетеді.

МАРАТ ОРАЛҒАЗИН, АКТЕР:

Барлық нәрсе отбасыдан басталады ғой енді. Көбінесе оқиғалардың көбісі бізідң барлық қазақстандықтарға таныс ситуациялар деп ойлаймын. Әдеттегідей бұл сериалда көптеген өмірлік лайфхактар көп, жиза дейді ғой. Көп отбасы, ерлер әсіресе, сонымен қатар әйелдер де өзін танып көруге мүмкіндік алады.

ФАРИЗА ЕСКЕРМЕС, АКТРИСА:

Бану ең эмоциональная, сондай характеры мықты өзінің. Ешкімге тәуелсіз. Өте ең экспрессивный десек, сол Бану. Қалған әпкелеріне қарағанда кішкене шатақ деп айтсақ болады. Мінезі сәл ауырлау, өз-өзіне сенімді әйел. Бірінші сезонға қарағанда айырмашылық әрине бар. Сценарий жағынан да.

ҰЛБОЛСЫН ШАЛҚАРОВА, АКТРИСА:

Менің персонажым - Айжан. Бірінші маусымнан кішкене ерекшеленеді осы жолы. Көріп тұрғандарыңыздай аяғы ауыр болады менің кейіпкерімнің. Осындай қызықты кезеңде әртүрлі эмоционалды качелялар болады. Мінез-құлқын, қалауларын, кез келген уақытта жылай салатынын, күле салатынын деген сияқты.

Актерлық касттың айтуынша, веб-сериалдың басты месседжі – отбасы құндылықтарын сақтау.

ЖАЗИРА ЕРКІН, АКТРИСА:

Бұл жерде отбасылық құндылықтар, ең алдымен бұл комедиялық сериал болғанымен, Бажа сериалы отбасылық құндылықтарды алға тартады. Ағайын-туыстың жақын болып араласуы, бажалар институтының қайта жаңғыруы.

Телетуындының бірінші маусымында бажалар түрлі тығырыққа тіреліп, бір-біріне көмектескен болатын. Екінші маусымда да басты кейіпкерлерді сан алуан оқиғалар күтіп тұр. Бірі азарт ойындардың шырғалаңына түсіп, лудоманға айналса, енді бірі жас кезіндегі қателіктері үшін жауапқа тартылмақ. Олар бастарына түскен бар қиындықты еңсере ала ма? Жуырда Астана телеарнасынан тамашалай аласыздар.