$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Ресейлік әйел әуежайда босанып, сәбиін дәретханаға тастап кеткен

AstanaTV
17.10.2024ж. 21:57
239
Ресейлік әйел әуежайда босанып, сәбиін дәретханаға тастап кеткен

Түркияда жаңа туған нәрестені әуежайының дәретханаға тастап кеткен екі ресейлік әйелді қамауға алынды. Бұл туралы түркиялық DHA басылымы хабарлайды. 

Оқиға 13 қазан күні Анталия әуежайында тазалықшы әйел дәретханадан жаңа туған нәресте тауып алған. Полицейлер қылмысқа қатысты тергеуді бастап, күдіктілерді ұстады. Күдіктілер ресейлік Екатерина Бурназкина мен оның анасы Елена болып шықты.

Алдын ала мәлімет бойынша, Екатерина Бурназкина мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған дәретханада босанып, кейін Мәскеуге ұшу үшін анасымен бірге паспорттық бақылауға кетіп қалған. Дәретханаға тасталған баланы тазалықшы әйел 12 минуттан кейін тауып алып, әуежайдың қауіпсіздік қызметіне хабарласқан. Әйел ұшаққа отырмай тұрып ұсталды. 

Қарағандыда сәбиін аязда далаға тастап кеткен ата-ана жауапқа тартылмаған

Жаңа туған нәресте анасымен бірге ауруханаға жеткізілген. 14 қазан күні сот Елена Бурназкинаны қамауға алу туралы шешім шығарды, ал келесі күні ауруханада шыққаннан кейін оның қызы Екатерина да қамауға алынды.

Түркияның ABC басылымының хабарлауынша, Екатерина Бурназкина полицияға жүктілігі туралы білмегенін айтқан. Анталиядағы Ресейдің бас консулдығы ресейлік әйелдердің ұсталғанын растады. 

"Бұқаралық ақпарат құралдарындағы тараған бұл ақпарат расталды. Ресейдің Анталиядағы бас консулдығы қазіргі уақытта жергілікті ауруханада жатқан жаңа туған нәрестенің анасымен байланыста", – делінген хабарламада. 

Түркиялық басылымдарда нәрестенің анасы Екатерина Бурназкинаның 28 жаста екені айтылған. SHOT телеграм арнасының мәліметінше, бойжеткен өзінің жүкті екенін білмеген. Әуежайда іші ауырған қыз дәретханаға жүгіріп, баланы сол жерде босанған. Дереккөзде жаңа туған нәрестені дәретханада қалдыруды қыздың анасы ұсынғаны айтылған.