Теміртаулық белсенділер “Таза Қазақстанға” жоғарғы сынып оқушыларын да тартуды ұсынды. Металлургтер шаһарында "AMANAT" партиясының бастамасымен «Таза бейсенбі» акциясы өтіп жатыр. Мәслихат депутаттары мен партия мүшелері, Жастар ресурстық орталығының қызметкерлерімен бірлесіп 30-ға жуық ерікті барлық теміржол бойын қоқыстан тазартты. Апта сайын үздіксіз өтіп келе жатқан “ Таза Қазақстан” акциясына студенттер белсене қатысуда.
Баян МӘМІТОВА, ТЕМІРТАУ ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ, “ AMANAT” ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:
“Жер ана бізге қаншама жақсылығын беріп жатыр. Сол жер анаға өз жақсылығымызды осы тазалық сақтау арқылы беруіміз керек. Соған жастарды тәрбиелеуіміз керек оның ішінде мектеп оқушыларын жоғарғы сынып, неге десеңіз бұл тазалықты сақтау әр қазақстанның міндеті. Оны біз мектеп жасынан бастап осыған үйретуіміз керек. Өкінішке орай қазір мектеп оқушыларын сенбіліктерге шығармайды”.