Алаяқтарға алданатындар күн санап көбейіп барады. Осының алдын алу үшін Сарыарқа аудандық полиция басқармасы "Stop-алаяқтық" акциясын ұйымдастырды. Сап түзеп, топқа бөлініп, іске кіріскен полиция қызметкерлеріне еріктілер де көмектесті. Олар елорда аумағындағы түрлі объектілер мен қызметтік мекемелерді аралап, тұрғындарға ескерту жұмыстарын жүргізді.
ТОҒЖАН БАЙКӨБЕКОВА, ЕРІКТІ:
“Stop- алаяқтық” іс-шарасына “Жастар рухы” ЖҚ-дан келіп отырмыз. Бүгінгі біздің мақсатымыз азаматтарды құқықтық санасын арттыру және де алаяқтық схемалардан алдын алу шараларын жүргізіп жатырмыз.
ДАНИЯР ЖАНҚҰЛОВ, ҚАЛАЛЫҚ ПД САРЫАРҚА АУДАНДЫҚ ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ:
Интернет алаяқтықтарға қарсы күрестің тиімділігін арттыру мақсатында ағымдағы жылдың 18-19 қазан аралығында елорда аумағында “Stop - алаяқтық” жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіледі. Ішкі істер органдарының қызметкерлері өздерінің жеке деректерін, жеке шоттарын беру қаупінен ескертеді.