$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Алматы қызмет көрсету және тамақтандыру саласындағы инновациялық технологиялар колледжінде ерекше форум өтті

18.10.2024ж. 20:30
414
Алматы қызмет көрсету және тамақтандыру саласындағы инновациялық технологиялар колледжінде ерекше форум өтті

Алматы қызмет көрсету және тамақтандыру саласындағы инновациялық технологиялар колледжінде ерекше форум өтті. Шараға Түркиядағы Мехмет Зеки Балджи атындағы қонақжайлылық индустриясы колледжінің қызметкерлері мен Оңтүстік Кореядан «RENEW» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің президенті қатысты. 6 түрлі бағытта білім берілетін оқу ордасында қазір 1000 -ға жуық студент білім алады. Үздік студенттер шетелде тәжірибе жинақтап, білімін жетілдіруде. 

САЛТАНАТ БЕСПАЕВА, АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Алматы тамақтандыру және сервис колледжін бітірген мамандарымыз бізде әрдайым сұранысқа ие. Әсіресе мына Түркия мемлекетіндегі үлкен отельдерде біздің студенттеріміз керемет шеберліктерін таныта біліп, үлкен жалақы алып, өзіне, отбасына үлкен пайда келтіруде. Бұл өте қуантарлық жағдай. Өйткені колледждерде көбінде ауылдан келген балалар бізде оқиды. Ауылдың баласына бағанағыдай керемет отельдерде жұмыс жасау өзінің қоғамда орнын таба білу және оларға мынау Қазақстанның болашағына деген өзінің үлесін қоса білу бұл бір үлкен мақсат, міндет деп мен ойлаймын.

Қонақтарға колледж студенттері әзірлеген дәмі тіл үйіретін ас ұсынылды. Мақсат- ұлттық тағамдарымызды жаңғыртып, заманауи үлгіде жасап шығару дейді олар. Жалпы Алматы облысында 22 мемлекеттік колледжде 21 мыңнан астам жас оқиды. Білім алуға барлық жағдай жасалған. Тіпті Түркия елінде тәлім алу үшін тіл үйрететін арнайы курстар бар. 

БАҚЫТГҮЛ КІШІБАЕВА, «КӘСІПТІК БІЛІМ - ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘРІПТЕСТІК ТИІМДІЛІГІ» КОЛЛЕДЖІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:

Былтырғы жылдан бастап колледж студенттеріне ақысыз түрде біз түрік тілін үйрету курсын бастадық. Былтырғы жылы 2 поток 50 білім алушы түрік тілін үйреніп, Түркияға жазда каникулда практикадан өтті. Оның өзі білім алушыларға өте үлкен пайдасын тигізді. Енді қыркүйек айынан бастап қазіргі күнде биылғы оқу жылында түрік тілін үйрету курстары жүзеге асырылуда. 50 бала қазіргі күнде курсты оқып, түрік тілін үйреніп жатыр.