$485.04 €525.98 ₽5.04
×

Оралда 13 жастағы қызды топтасып зорлағандардың жазасы күшейтілді

18.10.2024ж. 20:00
65
Оралда 13 жастағы қызды топтасып зорлағандардың жазасы күшейтілді

Оралда 13 жастағы қызды топтасып зорлағандар апелляциялық сотқа шағымданамыз деп жаза үстіне жаза жамап алды. Олар мектеп оқушысын жалға алған пәтерде зорлады деген айыппен сотталған еді. Осыған дейін хабарлағанымыздай, төрт жасөспірім көлік тонап, иелеріне миллиондаған теңге шығын келтірген. Сот материалынан белгілі болғандай, мұнымен шектелмеген олар бір аптадан кейін 13 жастағы қызды зорлапты. Сот олардың кәмелетке толмағанын ескеріп, 7 жылға бас бостандығынан айырды. Зорлықшылардың үлкені 20 жылға сотталды. Сотталушылардың туыстары мұнымен келіспей, апелляциялық сотқа шағымданған еді. Бірақ сот олардың өтінішін қанағаттандырмады. Берілген жазаны күшейтіп, кесілген мерзімді бір айға ұзартты.

Айвар БИЖАНОВ, БҚО СОТЫНЫҢ СУДЬЯСЫ:

Кәмелетке толмаған сотталған Молдағалиевтің, кәмелетке толмаған сотталған Асқардың, оның адвокаты Сердалиеваның және заңды өкілі Аққалиеваның, сотталған Меңдібековтың, сотталған Қалқаман және оның заңды өкілі Мұхамбедиеваның апелляциялық шағымдары қанағаттандырусыз қалдырылсын. Прокурордың апелляциялық шағымдары ішінара қанағаттандырылсын.

Ал сотталушылардың ата-аналары мұнымен келіспейді. Олардың айтуынша, тергеу дұрыс жүргізілмеген әрі сараптама қорытындылары да балаларының кінәлі екенін дәлелдемепті. 

ОҢСАПАР АҚҚАЛИ, СОТТАЛУШЫНЫҢ АНАСЫ:

Баламызды 8 жылға соттап отыр. Еш дәлел жоқ, ешқандай не жоқ, сөз үшін. Қыз айтып отыр ештеме болған жоқ деп. Қыздығымен тұр. Енді не сұрайды ол балалардан? Не істейді ол балаларды? Соттағанда өмірлерін қор қылғанда. Үш бала үшін тағы 6 айдан қосып отыр. Не масқара мынау, не масқара? Байдың балаларын шығарып жіберді, жоқ адамның балаларын қамап.