$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Түнде екі өңірде сынап бағаны 7 градус суықты көрсетіп, үсік жүреді деп болжанады

AstanaTV
18.10.2024ж. 18:17
179
Түнде екі өңірде сынап бағаны 7 градус суықты көрсетіп, үсік жүреді деп болжанады

"Қазгидромет" РМК мамандарынан Zakon.kz тілішісі алдағы сенбіде, 2024 жылы 19 қазанда ел азаматтарын ауа-райына қатысты қандай тосынсыйлар күтіп тұрғанын сұрап білді.

Болжамға сәйкес, түнде Алматы және Жетісу облыстарында сынап бағаны -1-7°С дейін төмендеп, түнде үсік жүреді.

 "Атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты республикамыздың батысында, оңтүстік-батысында, шығысында жауын -шашын, шығысында аралас жауын-шашын (жаңбыр, қар), батысында қатты жаңбыр, оңтүстік-батысында найзағай болады деп болжанады. Түнде және таңертең еліміздің басым бөлігінде тұман болады, батыста, оңтүстік-шығыста жел екпін алады деп күтіледі".
"Қазгидромет" РМК

Гидрометеорологиялық орталықтың мәліметінше, Қазақстан аумағының басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады.