$498.34 €519.72 ₽4.85
×

БЖЗҚ жанындағы қоғамдық кеңесте алауыздық неден туындады?

AstanaTV
26.04.2017ж. 20:00
2625
БЖЗҚ жанындағы қоғамдық кеңесте алауыздық неден туындады?

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының жанынан құрылған қоғамдық кеңестегі алауыздық неден туындаған? Қордың төрайымы осыған қатысты түсініктеме берді. Күні кеше Досым Сәтбаев бастаған кеңестің бірқатар мүшелері ұйымнан шығып кеткенін мәлімдеген. Басқарма төрайымы тәуелсіз бақылаушылардың арасында өзара алауыздық болғанын мойындады. Айтуынша, кей сарапшылар қордағы жинақтау жүйесін ғана емес,  жалпы қызметті қадағалауды қолға алмақ болған сыңайлы. Бірақ бұған кеңестің негізгі құрамы қарсы шыққан.

Нұрбүбі Наурызбаева, «БЖЗҚ» АҚ басқарма төрайымы:

ҚК келгендер өз еріктерімен келді. Әркімнің өз пікірі бар. Қазір ол кеңесте 29 адам бар, ол жерен 2-3 адамның шығып кеткені жұмысымызға кері әсерін тигізе қоймас.

Қордағы қаражаттың кіріс-шығысын бақылап отырудан үміттенген Досым Сәтбаев та өз пікірін білдірді. Осы қоғамдық кеңесті басқарған танымал саясаттанушы мемлекеттік органдардың тиісті сауалдарға жауап бермегеніне қынжылады. Қордың жұмысына қатысты жариялылықтың жоқтығы мен зейнетақы жүйесін басқарудағы тиімсіз реформалар оны кетуге мәжбүрлеген.

Досым Сәтбаев, БЖЗҚ жанындағы қоғамдық кеңестің бұрынғы төрағасы:

Осы күнге дейін Үкіметтің зейнетақы жинақтарының қайда жұмсалып жатқаны туралы есебін көрген емеспін. Біз ол жинақтың жұмсалып кеткенін білеміз, шартты түрде 20-30 млрд теңге мына бағытқа бөлінді деп естиміз. Бірақ қандай шартпен берілді? Одан салымшылар қандай пайда көреді, мемлекетке пайда бар ма? Бұл туралы ешкім жақ ашпайды. Егер біз Үкіметтен немесе осыған жауапты салалық министрліктерден аталған сұрақтарға нақты жауап алмасақ, мұндай қоғамдық кеңестің не қажеті бар?! 

Ришат АСҚАРБЕКҰЛЫ