$485.04 €525.98 ₽5.04
×

Астанаға үйдің кіреберісінде 22 жастағы қыз өлі табылды

AstanaTV
18.10.2024ж. 21:06
79
Астанаға үйдің кіреберісінде 22 жастағы қыз өлі табылды

Астанада 22 жастағы қыз өлі табылды. Алдын ала мәлімет бойынша, марқұм тұрғын үйдің 24-қабатынан құлап кеткен, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Астана полиция департаменті бүгін, 18 қазанда сағат 13:23-те Алматы аудандық полиция бөліміне подъездің жанында тіршілік белгісі жоқ қыздың жатқаны туралы ақпарат түскенін хабарлады.

"Полицейлер оқиға орнына жеткеннен кейін 22 жастағы марқұмның кім екені анықталды, ол қыздың биіктен құлап кеткен", - деп хабарлады полиция.

Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.