$520.93 €609.07 ₽6.68
×

Францияның «ЕХРО-2017» көрмесіндегі павильонына қажет жабдықтары кеденнен өтпей тұр

AstanaTV
26.04.2017ж. 20:00
2233
Францияның «ЕХРО-2017» көрмесіндегі павильонына қажет жабдықтары кеденнен өтпей тұр

«ЕХРО-2017» көрмесіндегі Франция павильонына қажетті жабдықтар кеденнен өтпей тұр. Бұл туралы елордада өткен кездесуде Қазақстан-Франция іскерлік кеңесінің вице-президенті Гай Сайдос айтты. Ол Қазақстан тарапынан, оның ішінде «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасынан бұл мәселені шешуге қол ұшын созуды сұрады.

Гай Сайдос, Қазақстан-Француз іскерлік кеңесі вице-президенті:

Жабдықтарды дер кезінде орнату керек. Ол үшін кем дегенде 3-4 апта уақыт кетеді. Егер бұл сұрақты бүгіннен қалдырмай шешсек, барлығы жоспарлы түрде жалғасады. 

Кеңес барысында «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқарма төрағасының орынбасары Қазақстанды Қытай нарығына шығар жол ретінде қарастыруды ұсынды. Нұржан Әлтаев, екі ел арасында инвестициялық әлеуеттің оң жолға қойылғанын, әсіресе агроөнеркәсіптік кешен және азық-түлік өнеркәсіп саласында ілгері жылжу бар екенін айтты.

Айбек ҚОСАН