Астанада 22 жастағы қыздың денесі табылды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Қайғылы оқиға қаладағы көпқабатты тұрғын үй кешендерінің бірінде болған. «Алматы» аудандық полиция басқармасы жағдайды растап отыр. Олардың ақпарынша, бойжеткен 24-қабаттан секіріп, көз жұмған. Қазір марқұмның жеке басы анықталған. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.