Францияның оңтүстік бөлігінде «Лесли» дауылының соңы алапат тасқынға ұласты, деп хабарлайды 24kz.
Салдарынан 3 адам жарақат алған. Қауіпті аймақтан мыңнан аса адам эвакуацияланды. Жолдар жабылып, оңтүстік аймақтарда пойыздар қатынамай тұр.
Безье қаласында музыкалық мектепке жай түсіп, шатыры опырылып құлаған. Абырой болғанда, ешкім жапа шеккен жоқ. Қауіпті аймақта білім беру мекемелері жабылды. Климаттың өзгеруінен мұндай табиғат апаттары жиілеп кеткен.
Мишель Барнье, Франция премьер-министрі: - Бұл кейінгі 40 жылдағы ең алапат су тасқыны болып отыр. Салдары ауыр болмас үшін қолдан келгеннің бәрін жасадық. Алдағы уақытта екі министріміз оқиға орнына баруы тиіс. Содан кейін келтірілген шығын көлемін есептеуге кірісеміз.