$485.04 €525.98 ₽5.04
×

"Құрт ағзасымен қоректеніп, миына көшкен": Дәрігер арықтау үшін құрт жұмыртқалары бар препарат қабылдаған ару туралы айтты

AstanaTV
19.10.2024ж. 19:31
61
"Құрт ағзасымен қоректеніп, миына көшкен": Дәрігер арықтау үшін құрт жұмыртқалары бар препарат қабылдаған ару туралы айтты

Америкалық ару арықтау үшін құрт жұмыртқалары бар дәрі ішкен. Салдарынан құрт бойжеткеннің ішегінен бастап миына дейін таралып ағзасында өмір сүре бастаған. Ару есінен танып, ұмытшақтық пайда болмағанынша дәрі ішкенін дәрігерлерден жасырған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Nypost.com порталына сілтеме жасап хабарлайды. 

Паразит жұмыртқалары әдете адам ағзасына шала пісірілген ет өнімдерімен тұтынған кезде кіреді. Олардың кейбіреуі ішке енгеннен кейін иесінің ағзасымен қоректену арқылы 30 сантиметрге дейін өседі. Салдарынан адам салмақ жоғалтады. Алайда бұл өте қауіпті нәрсе.

Америкалық дәрігер, онколог Бернард Сю таспа құртының жұмыртқасымен толтырылған капсулаларды сатып алған әйелдің жағдайы туралы зерттеумен бөлісті.

"TE" деп аталатын 21 жастағы науқас диета мен жаттығулар арқылы салмақ жоғалтуға тырысқан. Алайда нәтиже көрмегесін арықтаудың оңай әрі тез жолын іздеген. Ол әлеуметтік желілерде салмақ жоғалтуға арналған жарнаманы көрген.

"TE” тыйым салынған әдістің өзін қатты қызықтырғанын алға тартты. Уақыт жоғалтпастан, таспа құрттың жұмыртқалары бар екі таблетканы қабылдаған. Көп ұзамай нәтижені көре бастаған. Дегенмен қабылдағаннан бастап ішкі жайсыздықтар, асқазанның ауруы, ішектің ісінуін сезген. Алайда нәтиже жақсы болған соң бұған аса назар аудармаған.  

Алайда, жуынатын бөлмедегі таңқаларлық оқиғадан кейін арудың оның алаңдаушылығы күшейе түскен. Ол отырған кезінде бетінен біреу ұрып-соғып жатқандай сезінген.

Бетін жууға барғанда судан бірнеше қоңыр түсті заттарды көреді. Кейін мұны дәретінен де байқап жүреді.

Бірнеше аптадан кейін ол иегінің астындағы ерекше түйіршікті байқайды. Кейін ол құлап қалып оянған кезінде қанша уақытқа есін жоғалтқанын білмейді.

Осы эпизодтан кейін қатты бас ауруы мен бас сүйегінің қысымы күшейе түседі.

Ақырында, ол ауруханаға қатты бас ауруы мен іштің ауырсынуымен барады. Алайда ару дәрі туралы мамандарға айтпаған. Сол себепті дәрігерлер белгісіз вирустық инфекция болуы мүмкін деп болжайды.

Көп ұзамай бас ауруына қоса қорқынышты симптомдар пайда бола бастайды. Қыз енді өзінің қашан ұйықтағанын, есіне түсіре алмайды.

Ол таспа құртының жұмыртқасын ішкенен бір жылдан кейін ауруханаға қайта оралды. Бірақ дәрігерлер бұл туралы әлі білмеді. Миды тексерген кезде көптеген зақымдануларды анықтады. Қыздың тілі мен бүкіл буындарын тексеруге тура келді. 

Ақырында ол паразиттердің екі түрін қолданғанын мойындады. Біріншісі – сиыр таспа құрты (taenia saginata), бұл дәретханада құрттардың пайда болуына себеп болды. Екіншісі - шошқа таспа құрты (Taenia solium), ол ішектің сыртына шығып, қанға еніп, әртүрлі органдарға, соның ішінде миға қонытануы мүмкін. Бұл иек астында жұмыртқалардың жиналуы сияқты қауіпті жанама әсерлерді тудырды.

Тэ-нің бағына орай дәрігерлер оған инфекциялық дәрілер мен емдеп, ағзасын тазартты. Бір ай ауруханада жатып емделіп шықты.

Тэ өзгелерді арықтаудың мұндай жолына жақындамауға шақырды.