$485.04 €525.98 ₽5.04
×

Ақтауда аутизмі бар жасөспірімді ұрып-соққан күдікті әлі табылмады

AstanaTV
19.10.2024ж. 23:52
37
Ақтауда аутизмі бар жасөспірімді ұрып-соққан күдікті әлі табылмады

Ақтауда аутизм диагнозы бар жасөспірімді қатарласы соққыға, басын жарып, мұрнын сындырған болатын. 12 жастағы Германға ота жасалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Lada.kz-ке сілтеме жасап.

Отадан кейін, анасының айтуынша, балада үйренген дағдылардың жоғалуы байқалмаған.

25 қазан, жұма күні ол ауруханадан ресми түрде шығарылады және мұрнындағы түтікшелер алынады.

Учаскелік инспекторлар №17 орта мектептің оқушыларын сұрастырды, алайда Германның анасы тергеудің әзірге нәтиже бермегенін айтады.

Айта кетейік, оқиға 10 қазан күні кешкісін 13-ықшам аудандағы №44 үйдің ауласында болған. Жасөспірімдердің осы үйде шағын топ құрып, өз қатарластарын қорқытып, әлімжеттік жасайтыны белгілі болған. Баланың анасы ата-аналарға балаларымен ашық әңгімелесу қажет екенін ескертеді.