$485.04 €525.98 ₽5.04
×

Асу Алмабаев қарсыласын нокдаунға түсіріп, UFC турниріндегі төртінші жеңісіне қол жеткізді

AstanaTV
20.10.2024ж. 15:27
115
Асу Алмабаев қарсыласын нокдаунға түсіріп, UFC турниріндегі төртінші жеңісіне қол жеткізді

Қазақстандық Асу Алмабаев аралас жекпе-жектен (ММА) Ultimate Fighting Championship (UFC) турнирінде төртінші жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

ММА файтері Лас-Вегаста (Невада, АҚШ) өткен Fight Night санатындағы турнирде алдын ала кардтың финалдық жекпе-жегінде өнер көрсетті.

Оның қарсыласы Матеус Николау болды. Жекпе-жек алдында қазақстандық жеңіл салмақ дәрежесіндегі (56,7 келіге дейін) рейтингіде 14-орында, ал бразилиялық жетінші орында тұрды.

Жекпе-жек үш раундқа, Алмабаев қарсыласын дәл соққымен нокдаунға түсіргенше жалғасты.

Төрешілер бірауыздан жеңісті 29-28 есебімен Алмабаевқа берді. Осылайша, ол қатарынан 17-жеңісіне қол жеткізді.