$481.68 €522.48 ₽5
×

СҚО-да балалар күшікті қорлап, құлағына петарда жарған

AstanaTV
20.10.2024ж. 16:17
147
СҚО-да балалар күшікті қорлап, құлағына петарда жарған

Солтүстік Қазақстан облысында балалар күшікті қорлап, оның құлағына петарда жарған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. Оқиға жайлы волонтер Наталья Чиркова өзінің Instagram парақшасында жазды.

«Бензостройдың соңғы аялдамасында балалар күшікті қорлап, оның құлағына петарда салып, жарған. Бұл қорқынышты әрекетті басқа балалар да көріп тұрған. Бүгін күшікті қорлаған болса, ертең адамға да осылай жасай ма? Бұл балалардың ата-аналары мен мектептеріне сын», – деп жазды зооқорғаушы.

Натальяның айтуынша, оқиға туралы естіген соң, бір волонтер дереу барып, жануарды алып, ветеринарлық клиникаға жеткізген. Жапа шеккен күшіктің жасы шамамен төрт ай екен.

«Бұл оқиғаны қоғам назарына жеткізіп, балалардың отбасыларын жауапкершілікке тартуды сұраймын. Емнен кейін бұл күшіктің жылы үйге де зәру екендігін айта кеткім келеді», – деді волонтер.