«Нұр Отан» партиясының орталық аппараты аймақтардағы партия филиалдарының жұмысын қатаң бақылауда ұстап отыр. Бұл жолы партиялық бақылау комитеті Оңтүстік Қазақстан облысындағы аудандық филиалдар мен бастауыш партия ұйымдарының жұмысына сараптама жасады.
Атқарылып жатқан істерге бағасын беріп, жұмысты одан әрі қалай ілгерілету бойынша ұсыныстарымен бөлісті. Партиялық бақылауды қалай жүргізіп, ішкі тәртіпті қайткенде дұрыс сақтауға болатыны жайлы сөз қозғады. Сондай-ақ орталық аппарат өкілдері оңтүстіктегі филиалдардан партияның Әдеп кодексінде белгіленген нормалардың қатаң сақталуын талап етті .
Қуаныш Сұлтанов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» фракциясының мүшесі:
Жемқорлыққа қатысты, содан кейін неше түрлі
қылмыстар бар, сол қылмыстарға ілігіп кетпей, жолдарында тәрбиелік мәселелер бар,
солардың бәрінде де біздің «Нұр Отан» партиясы алдыңғы, көрнекті және лайықты
орында жүргені дұрыс.