Мүмкіндігі
шектеулі балалар мұражай аралады. Астанадағы психоневрологиялық
әлеуметтік-медициналық мекеменің тәрбиеленушілері Қарулы күштердің музейін
тамашалады.
Игі
іске «Нұр Отан» партиясының Астана филиалы бастамашы болған. Жалпы «Кедергісіз
келешек» жобасы аясында қала бойынша мүмкіндігі шектеулі үш жүзден астам баланы
осындай шараларға тарту көзделіп отыр. Мұражайда балаларға ежелгі
жауынгерлердің сауыт-саймандары көрсетілді. Сонымен қатар жас саяхатшылар Ұлы Отан
соғысы жылдарындағы қазақстандық сарбаздардың ерлігі бейнеленген тарихи
суреттерді де тамашалады.
Жанар Жақыпова, «Нұр Отан» партиясы Астана қаласы Алматы аудандық бөлімшесінің кеңесшісі:
Олардың музейге барғанының өзі, түрлі мастер-класстардың өзі көңіл-күйлерін көтереді. Кішкене өмірге деген көзқарастары, олар
бізді көріп қызығушылық танытады.