$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Кубаға "Оскар" дауылы келді

AstanaTV
21.10.2024ж. 14:11
334
Кубаға "Оскар" дауылы келді

Кубада "Оскар" дауылы ойран салып жатыр.

Метеорологтар: "Желдің екпіні сағатына 120 шақырымға жетті", – дейді.

Елдің шығысындағы Кариб теңізі маңында қалың жауын жауды. 2 күннен бері электр жарығы жоқ.

Басқа да инфрақұрылым қираған, ағаштар опырылып, жағаға жақын аудандар су астында қалды.

Жалпы "Бостандық аралында" кейінгі 3 жыл бойы электр жарығы жиі өшеді, деп жазады 24.kz.

Оған электр желілерінің ескіргені, су электр стансыларындағы техникалық ақаулар мен жанармай тапшылығы себеп.